2-10 қыркүйек аралығында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы Халықаралық суицидті алдын алу күніне орай Ашық есік күнін өткізеді. Әр жылы 10 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Халықаралық суицидті алдын алу ассоциациясының (International Association for Suicide Prevention) қолдауымен Дүниежүзілік суицидті алдын алу күнін (World Suicide Prevention Day) атап өтеді.

Осы шара аясында біз баршаңызды суицидті алдын алу әдістері туралы көбірек білуге, мамандардан кеңес алуға және психикалық денсаулық мәселелерін талқылауға шақырамыз.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз суицидтік ойларға тап болса, жалғыз қалмаңыз. Сіз сенім телефондары арқылы жедел психологиялық көмек ала аласыз. Есіңізде болсын, көмек әрқашан жақын, және сіз өз сезімдеріңізбен жалғыз емессіз.

Ашық есік күні

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы