Қиын бала ма, әлде көмекке мұқтаж бала ма?
✅2026 жылғы 11 маусымда «Атырау облысы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Ақтоты Ойлбайқызы «Қиын бала ма, әлде көмекке мұқтаж бала ма?» тақырыбында кездесу өткізді.✅ Кездесу барысында балалардағы агрессия, өтірік айту, ұрлық жасау, сабақтан қашу сияқты проблемалық мінез-құлықтардың психологиялық себептері қарастырылды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлықты тек тәртіп бұзушылық ретінде емес, баланың ішкі қиындықтарының белгісі ретінде танудың маңыздылығы талқыланды.✅Баланың әр әрекетінің артында белгілі бір қажеттілік пен көмекке деген сұраныс жатуы мүмкін. Сондықтан баланы «қиын» деп бағалаудан бұрын, оның не айтқысы келетінін түсінуге тырысу маңызды.✅Қызметкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 15 қызметкер қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі
Қозғалыс – бұл өмір
🚴🚴🚴2026 жылдың 14 маусымында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлері күніне орай “Қозғалыс – бұл өмір” атты кең ауқымды веломарафон өтті.🚴♂️🚴♂️🚴♂️ Шараның салтанатты ашылуына Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Қайратұлы қатысып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, медицина қызметкерлеріне қоғам денсаулығын сақтаудағы медицина мамандарының өлшеусіз еңбегіне тоқталып, денсаулық пен спорттың өзара байланыстылығын атап өтті.🚴♂️🚴♂️🚴♂️ Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Веломарафон бағыты С.Бейбарыс даңғылынан басталып, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына дейін аралық бекітіліп, шараға 150-ден астам медицина қыземткерелрі қатысты.✅ Қатысушылар жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын қашықтықты велосипедпен жүріп өтіп, осы шараға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Е.Е.Қыдырсиқов бастаған ұжым қызметкерлері белсене қатысты.❤️ Іс-шара соңында қатысушылар арасында арнайы лотереялық ұтыс ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Медицина саласының дамуына үлес қосқан абзал жандарды құрметтеп, Алғыс хатпен марапаттады.🌺Команда мүшелеріне мықты денсаулық, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз! #СпортпенДенсаулық #Атырау #МедицинаҚызметкерлеріКүні #Веломарафон #ҚозғалысБұлӨмір #салауаттыөмірсалты #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық
Өмірді таңда! Денсаулықты сақта!
Қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 25 адам қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері В.И.Семионичева 2026 жылғы 3 – ші маусымда ҚР ІІМ қылмыстық-түзету Комитетінің №75 мекемесінде «Синтетикалық есірткілер: шындық пен зардабы» тақырыбында бас бостандығынан айрылғандар арасында кездесу өткізді.Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді.Кездесуге 7 адам қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні!
✅Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының, қалалық және аудандық емханаларының психолог мамандары мен психиатр дәрігерлері 1 Маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік» күндерін өткізді.✅Ашық – есік күніне келген ата- аналарға балалардың психикалық денсаулығын қорғау, аутизмнің профилактикасын мен емдеу шаралары туралы кеңестер берілді.👩Балаларымыз әрдайым аман, бақытты, білімді болып өссін! Әр шаңырақтан баланың күлкісі үзілмей, болашақтары жарқын болғай! #БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #БалаларМерекесі #денсаулық #денісауұрпақ #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі
