Дені сау ұрпақ – ел болашағы!

📌📌📌26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Л.Г.Уралбекова 2026 жылғы 12 мамырда Нұрлан Балгымбаев атындағы № 42 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Жасөспірім және тәуелділік» тақырыбында кездесу өткізді.📌📌📌Жасөспірім кезеңі – адамның тұлға болып қалыптасатын маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл уақытта жасөспірімдер жаңа ортаға бейімделіп, өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Алайда осы кезеңде әртүрлі зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің ықпалына түсу қаупі де жоғары болады.📌📌📌 Тәуелділік – адамның белгілі бір затқа немесе әрекетке шамадан тыс әуестенуі. Оған нашақорлық, темекі шегу, алкогольге тәуелділік, ойынқұмарлық және интернетке тәуелділік жатады. Мұндай әдеттер адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына кері әсер етеді.📌📌📌Жасөспірімдерді тәуелділіктен қорғау үшін отбасының қолдауы, дұрыс тәрбие, пайдалы орта және бос уақытты тиімді өткізу маңызды. Спортпен айналысу, кітап оқу, өнерге қызығу – жасөспірімдердің жақсы бағытта дамуына көмектеседі.📌📌📌Оқушыларға есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және есірткіге қарсы күресті күшейту жолында маңызды рөль атқарады.✅Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Дәріске -30 оқушы қатысып керекті мағлұмат алды. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні

📌📌📌 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Л.Г.Уралбекова 2026 жылғы 5-ші мамырда «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының жоғары сынып оқушыларымен «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.📌📌📌Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, оқушыларға өмір сүру салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақыру.📌📌📌 «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.📌📌📌Оқушыларға есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және есірткіге қарсы күресті күшейту жолында маңызды рөль атқарады.✅ Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 20 оқушы қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

5 мамыр-Дүниежүзілік қол гигиенасы күні!

5 мамыр-Дүниежүзілік қол гигиенасы күні!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5 мамырды Дүниежүзілік қол гигиенасы күні деп жариялады.Өйткені, қолдың тазалығы – бұл вирустар мен бактериялардан қорғау ғана емес, сонымен қатар олардың таралуын болдырмайды.Қол гигиенасын сақтау – медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмаудың оңтайлы тәсілі. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет, бірақ оны медициналық мамандар арасында сақтамау бүкіл әлемде проблема болып табылады.Гигиена мәселесі бір адамның ғана проблемасы бола алмайды, оның қалауына қарамастан, ол отбасында, әріптестерінің арасында, сыныпта немесе балабақшадағы топта жұқпалы аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін.Сондықтан стандартты сақтық шараларын сақтау — инфекцияның алдын-алудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі болып саналады.Сіздің денсаулығыңыз қолдың қаншалықты дұрыс жуылғанына байланысты. Қол гигиенасына қолды сабынмен жуу, антисептик пайдалану, қолды спирт негізіндегі дезинфекциялық құралдармен немесе антисептикалық гельдермен өңдеу жатады. Қоғамдық орындарда (базарлар, дүкендер, сауда орталықтары, кинотеатрлар және т. б.), дәретханадан кейін, сонымен қатар ластанған заттарды ұстағаннан кейін және тамақтанар алдында қолды мұқият жуу қажет. қазіргі заманауи қоғамда қолдар ұялы телефонмен, компьютер клавиатурасымен, жеке көлікпен, лифт түймелерімен және қолдар жиі тиетін басқа заттармен байланыста болғаннан кейін де ластануы мүмкін.Қолыңызды таза ұстаңыз, деніңіз сау болсын! Есіңізде болсын, қолдың тазалығы — бұл сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі!

4 сәуір күні №5 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясы жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы психолог маманы В.Е. Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

4 сәуір күні №5 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясы жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы психолог маманы В.Е. Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.Кездесу барысында психолог оқушылармен түрлі психологиялық техникаларды орындап, олардың қызығушылығы мен белсенді қатысуына ықпал етті. Бұл жаттығулар жасөспірімдердің көңіл-күйін көтеріп, өз-өзін түсінуіне және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Оқушылармен суицидтің алдын алу, эмоционалдық күйді түсіну, қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.Кездесу кезінде суицидтің не екені, оның қандай себептерден туындайтыны түсіндірілді. Сонымен қатар, егер жасөспірімнің өзіне зиян келтіру туралы ойлары пайда болса, мұндай жағдайда не істеу керектігі айтылды. Оқушыларға ең алдымен үндемей қалмай, сенімді адамдарға — ата-анаға, мұғалімге немесе мектеп психологына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.Сондай-ақ, қиын сезімдердің уақытша болатыны, кез келген мәселенің шешімі бар екені және әр адамның өмірі құнды екені ерекше атап өтілді. Жасөспірімдерге бір-біріне қолдау көрсету, достарына мұқият болу және көмек қажет болған жағдайда бірге әрекет ету маңызды екені жеткізілді.Бала қауіпсіздігі – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі. Осындай бірлескен жұмыстар арқылы біз жас ұрпақтың психикалық саулығын нығайтып, жарқын болашағына жол ашамыз.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 50 оқушы қатысты.

30-шы сәуірде нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Creative Hub Atyrau» орталығында «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30-шы сәуірде нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Creative Hub Atyrau» орталығында «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және азаматтық қоғам институттары өкілдері қатысып, өз тараптарынан нашақорлық пен ойынқұмарлыққа қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы тәжірибелермен алмасты, нақты ұсыныстар енгізді.Дөңгелек үстелге қатысқан Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Есенгельдин Т.Ә. есірткіге тәуелділіктің психологиялық және медициналық аспектілері туралы кәсіби түсінік беріп, жастар арасында психикалық денсаулықты қалыптастырудың тиімді жолдары, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және оны ерте анықтаудың тиімді жолдары туралы баяндады.Аталған шараның мақсаты-жастар арасында нашақорлыққа, лудоманияға девиантты мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа тұрақты түрде қарсы көзқарас қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, заңға және қоғамдық ларға құрметті дамыту, сондай-ақ қауіпсіз және әділетті қоғамның негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту.

«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың сәуір айында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында қала колледждерінің студенттері үшін бейімдеу және детоксикация орталығына экскурсиялар өткізілді.

«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың сәуір айында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында қала колледждерінің студенттері үшін бейімдеу және детоксикация орталығына экскурсиялар өткізілді.Экскурсия барысында білім алушыларға алкоголь мен есірткі заттардың адам ағзасына тигізер зияны, олардың құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін екендігі, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шаралары туралы семинарлар өткізілді. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігер психиатр-наркологымен тікелей эфир форматында кездесу ұйымдастырылды.Сонымен қатар, психоактивті заттарды тұтыну фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу принциптері түсіндіріліп, есірткі тесттерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Студенттер куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді. Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары студенттердің сұрақтарына жауап берді. Экскурсия аясында 4 колледждің 474 студенті қамтылды.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы