«Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі»

«Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі»

10 қазан– Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры Қайролла Саягүл Қайроллақызы 2025ж. 8 қазанда О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің 1 курс студенттеріне «Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттер белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Дәріске қатысқан студенттер саны-25.  

“Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші”

“Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші”

10 қазан–Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы дәрігер-психиатры Қайролла Саягүл Қайроллақызы 2025ж. 7 қазанда Атырау қаласының №42 Н. Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларына “Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші” тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Дәріске қатысқан оқушылар саны-85.

ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект агентін әзірледі

ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект агентін әзірледі

⚖️ҚР Әділет министрлігі құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында жасанды интеллект агентін әзірледі. ⚖️ЖИ-агент — цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жоба. Азаматтар ҚР заңнамасына қатысты сұрақтар мен мәселелері бойынша бастапқы құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. ??‍?Аталған ЖИ-агент «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесінде енгізілді. https://adilet.zan.kz/ https://eup.adilet.gov.kz/

«Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы»

«Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы»

2025 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығы негізінде №42 жалпы орта мектебінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Л.Г.Уралбекова, психолог маманы В.Е.Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы» педагогтар мен психологтар және мейіргер мамандар арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Семинар — тренингте педагогтарымен, психологтарымен және мейіргер мамандармен «Жасыл дәліз» жобасының қалай жұмыс істейтінін және жасөспірімдердің суицидтік ойлар немесе дағдарыстық жағдай байқалғанда қолданылатын алгоритмді егжей-тегжейлі түсіндірді. ? Семинар — тренингтің мақсаты – ұстаздардың психологиялық сауаттылығын арттыру, оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау, қиын жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, мұндай кездесулер білім және денсаулық сақтау саласы мамандарының бірлесіп әрекет етуіне, жасөспірімдерге уақытылы көмек көрсетуіне және жастар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндіру. Іс – шараға қатысушылар сұрақтар қойып, нақты жағдайлармен бөлісіп өз тәжірибелерімен алмасты.

«Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы»

«Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы»

2025 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығы негізінде №27 И.Тайманов атындағы орта мектебінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы В.Е.Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез -құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудын және олармен әрі қарай жұмыс істеудін бірынғай алгоритмін, сондай – ақ суицидке әрекет жасаған балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс – қимыл алгоритмін бекіту туралы» педагогтар мен психологтар және мейіргер мамандар арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Семинар — тренингте педагогтарымен, психологтарымен және мейіргер мамандармен «Жасыл дәліз» жобасының қалай жұмыс істейтінін және жасөспірімдердің суицидтік ойлар немесе дағдарыстық жағдай байқалғанда қолданылатын алгоритмді егжей-тегжейлі түсіндірді. ? Семинар – тренингтің мақсаты – ұстаздардың психологиялық сауаттылығын арттыру, оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау, қиын жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндіріп, мұндай кездесулер білім және денсаулық сақтау саласы мамандарының бірлесіп әрекет етуіне, жасөспірімдерге уақытылы көмек көрсетуіне және жастар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін түсіндіру. Іс -шараға қатысушылар сұрақтар қойып, нақты жағдайлармен бөлісіп өз тәжірибелерімен алмасты.

Онлайн бюджеттік мониторинг – тиімді бақылау құралы

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің функциясын күшейтуге қатысты тапсырмасына негізінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына және білім беруұйымдарымен бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды жетілдіру және қаржылық бұзушылықтың алдын алу аясында «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесімен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жүйе шынайы уақыт режимінде кемшіліктерді жедел анықтап, оны болдырмауға септігін тигізедіжәне осы арқылы қаржылық ашықтық қамтамасыз етіліп, тәртіп деңдейі артады. Бұл мониторингтің тиімділігі мемлекеттік аудит объектілеріне шықпай, электронды түрде қаржылық бақылаудың ден қою хаттарын жолдау арқылы жедел шаралар қабылдауға, бюджет қаражатының негізсіз пайдалануға, жымқыру фактілерінің алдын алуға мүмкіндіктер беріледі. Бүгінде тәуекелдерге негізделген бақылау жүйесі арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Олардың қатарында есептеулерді негізсіз артық жүргізіп, артық қаражат аудару, 1С бағдарламасы арқылы қате төлемдер жасау, бірнеше тұлға атынан бірдей карт-шоттарға қаражат аудару, жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) қате енгізу арқылы бюджетке зиян келтіру жағдайлары бар. Бұл деректер бюджет қаражатын бақылауда ұстаудың маңыздылығын айқын көрсетеді. «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі нақты әрі нәтижелі жұмыс құралына айналып отыр. Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстап, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған мониторинг жүргізуді жалғастырады. Мемлекеттік қаржының әрбір теңгесі ел игілігіне жұмсалуы тиіс. Сондықтан да цифрлық бақылау тетіктерін жетілдіру арқылы ашықтық пен әділеттілікке қол жеткізу — басты мақсаттардың бірі болып қала бермек.     Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы