Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К. Каюпов 2026 жылғы 29 мамырда «Облыстық балалар кітапханасында» қызметкерлер мен жоғарғы сынып мектеп оқушыларымен Сенің өмірің,сенің ортаң! Есірткіге жол жоқ! тақырыбында өткізген дөңгелек үстелге қатысты.Дәрігер-нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірдіп, «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Қызметкерлер мен оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 20 оқушы қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері В.И.Семионичева 2026 жылғы 21мамырда А.С.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінің 5,8 сынып оқушыларымен «Есірткінің жасөспірімдер ағзасына әсері» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, оқушыларға өмір сүру салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақыру.Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушыларға есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және есірткіге қарсы күресті күшейту жолында маңызды рөль атқарады.Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 25 оқушы қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Нашақорлыққа жол жоқ!»       

        13 мамырда нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында Атырау облысы  Әділет департаментінің  мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Т.Ә.Есенгельдин  «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында кездесу   өткізілді.        Кездесу барысында дәрігер – нарколог қызметкерлерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.         Мемлекеттік қызметкерлер  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.       Аталған шараның мақсаты-жастар арасында нашақорлыққа, лудоманияға девиантты мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа тұрақты түрде қарсы көзқарас қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, заңға және қоғамдық ларға құрметті дамыту, сондай-ақ қауіпсіз және әділетті қоғамның негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту. #заң_мен_тәртіп #Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

Ақ халатты абзал жандар – сіздерге бас иеміз!

Сонымен қатар мекеме орта буын медицина қызметкерлерін Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мекеме директорының «Алғыс Хатымен» марапатталды.Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, баянды бақыт, өздеріңізге мықты денсаулық, қажымас қайрат пен мықты төзім тілейміз!Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! #АқХалаттыЖүрек #МейірбикелерКүні #ПсихикалықДенсаулық

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні

    12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.        Мерекелік жиында адам жанының арашасы болып жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғам алдындағы елеулі еңбегі ерекше аталып өтті. Шара барысында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев медицина саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.       Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін  Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мейіргері Утекова Тамара Жасұланқызына  Алғыс хат табысталды.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы