2026 жылғы 16 шілде күні Жалпы БПДО-лар бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтарға медициналық көмекті алу тәртібі, дәрілік заттармен қамтамасыз етілу мәселелері, емханаға тіркелу жолдары, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, бейінді мамандардың қабылдауына жолдама алу, қажетті зертханалық және диагностикалық тексерулерден өту, емдеу және медициналық оңалту шараларын ұйымдастыру, стационарлық емдеуге жолдама беру тәртібі жөнінде толық ақпарат берілді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



