2026 жылдың 18-ші қыркүйегінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің және Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ өткізілді.
Тақырыбы:

  1. Атырау облысында 2024-2027 жылдарға арналған қылмыспен күресу және оның алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ орындалысы негізінде Атырау облысының Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығына сәйкес жасақталған АЛГОРИТМДЕ көрсетілген екі жақтық тапсырмаларды орындау.
  2. Медициналық куәландырудың электрондық жүйесі (МКЭЖ) және «Әкімшілік іс-жүргізу бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ-ЕРАП) АЖ интеграциясы және «Уақытша бейімдеу және детоксикащия орталығы»-(УБДО) жұмысы бойынша проблемалық мәселелер. Жиынды орталық директорының наркология қызметі бойынша орынбасары Ж.К.Мухлисов ашып, нашақорлық профилактикасы, есірткі тұтынушыларды ерте анықтау, оларды есепке алу, пациенттердің тұрғылықты жеріне бару кезінде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жұмыстарын күшейту және медициналық куәландырудың электрондық жүйесі (МКЭЖ) және «Әкімшілік іс-жүргізу бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ-ЕРАП) АЖ интеграциясы бойынша туындап отырған проблемалық мәселелер бойынша баяндады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Г.Ж.Анаркулов, Атырау қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлім басшысы Т.Сисенғали сөз сөйлеп, өз тараптарынан өзара іс-қимыл жұмыстарына толық қолдау көрсететіндерін білдірді. Жиын соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді бірлесе шешудің маңыздылығын атап өтіп, ведомствоаралық байланысты нығайту және бекітілген міндеттерді сапалы іске асыру жөнінде ортақ шешімге келді. Кездесу талқыланған мәселелер бойынша нақты іс-қимыл жоспарын құрумен аяқталды.
«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы