Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылаудың кейбір мәселелері бойынша семинарлық сабақ

26-шы маусымда Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылаудың кейбір мәселелері бойынша семинарлық сабақ өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген»Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптары, медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау ережелері, қалдықтармен жұмыс жасау кезіндегі инфекциялық қауіпсіздік шаралары, медицина қызметкерлері арасында «В» вирустық гепатитінің профилактикасы және Конго-Қырым қызбасының эпидемиологиясы, клиникасы, алдын алу шаралар туралы талқыланды.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша орталықтың дәрігер-эпидемиологы Е.И.Уайсов презентацияларды қолдана отырып, нақты түсініктер берді.Семинар соңында медицина қызметкерлерімен санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын Кәсіпорында жүзеге асырудың кейбір практикалық аспектілері нақтыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері В.И.Семионичева 2026 жылғы 24 маусымдаҚазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фельдъегерлік қызметіАтырау қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының қызметкерлерімен «Есірткінің жасөспірімдер ағзасына әсері» тақырыбында кездесу өткізді.Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және есірткіге қарсы күресті күшейту жолында маңызды рөль атқарады.Қызметкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 10 қызметкер қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы