Флешмоб

Флешмоб

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Медициналық колледж студенттері мен психологтар бірлесе отырып флешмоб биін орындады. Шараның мақсаты – психикалық саулықтың маңыздылығын насихаттау, позитивті көңіл күй қалыптастыру және бірлік пен қолдаудың символын көрсету болды.

Психикалық денсаулық

Психикалық денсаулық

10 – қазан Психикалық денсаулық күніне орай ,орталықтың психолог маманы Ойлбай Ақтоты Дағыстанқызы радио эфиріне қатысып, осы тақырыпта ой бөлістім. Психикалық денсаулық — әр адамның ішкі тепе-теңдігі мен өмір сапасының негізі. Ол тек аурудың жоқтығы емес, адамның өз эмоциясын түсінуі, өмір қиындықтарына икемделуі, және басқа адамдармен сау қарым-қатынас орната білуі. Психикалық қиындықтар әр адамда болуы мүмкін — жасы мен мамандығына қарамай. Ең бастысы — өз жағдайыңды мойындау, қажет кезде көмек сұрау, және өзіңе қамқор болу. Өзіңді тыңдау, демалу, эмоцияларыңды қабылдау — психикалық денсаулыққа ең қарапайым, бірақ маңызды қадам.

«Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру»

«Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру»

?10 – қазан Психикалық денсаулық күніне орай, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының логопед маманы Кусайнова Венера Рахметоллаевна «Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ата-аналар баламен күнделікті қарым-қатынаста сөйлеуді белсендіру, тілдік ортаны байыту және ойын арқылы тіл дамыту тәсілдерімен танысты. ? Мұндай кездесулер ата-аналарға баласының дамуына қолдау көрсетудің маңызын түсінуге және үй жағдайында қарапайым, бірақ тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. ?? #психикалықденсаулықкүні #логопед #балатілі #атаанаменжұмыс #коррекция #тілдамыту

? Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы ?

? Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы ?

? Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы ? 10 қазан Психикалық денсаулық күні. Бұл күн — өзімізге, ішкі күйімізге және өмір сапасына назар аударуға арналған еске салу. Психикалық саулық тек ой мен эмоцияға ғана емес, әрекетке де байланысты. Сол себепті еңбек терапиясы (әртүрлі іс-әрекеттер арқылы емдік және түзету жұмысы) — адамның психикалық қалпына оң әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. ? Тоқу, сурет салу, пісіру, бау-бақша күту, қолөнер сияқты іс-шаралар: – ойды тыныштандырады; – мазасыздықты азайтады; – өз-өзіне сенімділікті арттырады; – “мен істей алам” деген сезімді қайта оятады. Кішкентай қимыл, аз ғана шығармашылық — жанды емдейтін әрекет. Өйткені еңбек тек нәтиже емес, процесс арқылы да саулық сыйлайды. Сондықтан бүгін өзіңе бір қарапайым, бірақ мағыналы іс жаса: ? тоқып көр, ? гүл отырғыз, ? ойыңды жаз, немесе жай ғана бір нәрсені сүйіспеншілікпен істе. Психикалық денсаулық — тек мамандардың емес, әр адамның күнделікті таңдауы.

«Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі»

«Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі»

10 қазан– Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры Қайролла Саягүл Қайроллақызы 2025ж. 8 қазанда О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы- техникалық колледжінің 1 курс студенттеріне «Психикалық денсаулық қазіргі қоғамның басты мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттер белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. Дәріске қатысқан студенттер саны-25.  

“Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші”

“Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші”

10 қазан–Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы дәрігер-психиатры Қайролла Саягүл Қайроллақызы 2025ж. 7 қазанда Атырау қаласының №42 Н. Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларына “Психикалық саулық-өмір сүру сапасының көрсеткіші” тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Дәріске қатысқан оқушылар саны-85.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы