5 мамыр-Дүниежүзілік қол гигиенасы күні!

5 мамыр-Дүниежүзілік қол гигиенасы күні!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5 мамырды Дүниежүзілік қол гигиенасы күні деп жариялады.Өйткені, қолдың тазалығы – бұл вирустар мен бактериялардан қорғау ғана емес, сонымен қатар олардың таралуын болдырмайды.Қол гигиенасын сақтау – медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмаудың оңтайлы тәсілі. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет, бірақ оны медициналық мамандар арасында сақтамау бүкіл әлемде проблема болып табылады.Гигиена мәселесі бір адамның ғана проблемасы бола алмайды, оның қалауына қарамастан, ол отбасында, әріптестерінің арасында, сыныпта немесе балабақшадағы топта жұқпалы аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін.Сондықтан стандартты сақтық шараларын сақтау – инфекцияның алдын-алудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі болып саналады.Сіздің денсаулығыңыз қолдың қаншалықты дұрыс жуылғанына байланысты. Қол гигиенасына қолды сабынмен жуу, антисептик пайдалану, қолды спирт негізіндегі дезинфекциялық құралдармен немесе антисептикалық гельдермен өңдеу жатады. Қоғамдық орындарда (базарлар, дүкендер, сауда орталықтары, кинотеатрлар және т. б.), дәретханадан кейін, сонымен қатар ластанған заттарды ұстағаннан кейін және тамақтанар алдында қолды мұқият жуу қажет. қазіргі заманауи қоғамда қолдар ұялы телефонмен, компьютер клавиатурасымен, жеке көлікпен, лифт түймелерімен және қолдар жиі тиетін басқа заттармен байланыста болғаннан кейін де ластануы мүмкін.Қолыңызды таза ұстаңыз, деніңіз сау болсын! Есіңізде болсын, қолдың тазалығы – бұл сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі!

4 сәуір күні №5 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясы жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы психолог маманы В.Е. Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

4 сәуір күні №5 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясы жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы психолог маманы В.Е. Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.Кездесу барысында психолог оқушылармен түрлі психологиялық техникаларды орындап, олардың қызығушылығы мен белсенді қатысуына ықпал етті. Бұл жаттығулар жасөспірімдердің көңіл-күйін көтеріп, өз-өзін түсінуіне және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Оқушылармен суицидтің алдын алу, эмоционалдық күйді түсіну, қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.Кездесу кезінде суицидтің не екені, оның қандай себептерден туындайтыны түсіндірілді. Сонымен қатар, егер жасөспірімнің өзіне зиян келтіру туралы ойлары пайда болса, мұндай жағдайда не істеу керектігі айтылды. Оқушыларға ең алдымен үндемей қалмай, сенімді адамдарға — ата-анаға, мұғалімге немесе мектеп психологына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.Сондай-ақ, қиын сезімдердің уақытша болатыны, кез келген мәселенің шешімі бар екені және әр адамның өмірі құнды екені ерекше атап өтілді. Жасөспірімдерге бір-біріне қолдау көрсету, достарына мұқият болу және көмек қажет болған жағдайда бірге әрекет ету маңызды екені жеткізілді.Бала қауіпсіздігі – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі. Осындай бірлескен жұмыстар арқылы біз жас ұрпақтың психикалық саулығын нығайтып, жарқын болашағына жол ашамыз.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 50 оқушы қатысты.

30-шы сәуірде нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Creative Hub Atyrau» орталығында «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

30-шы сәуірде нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Creative Hub Atyrau» орталығында «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және азаматтық қоғам институттары өкілдері қатысып, өз тараптарынан нашақорлық пен ойынқұмарлыққа қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы тәжірибелермен алмасты, нақты ұсыныстар енгізді.Дөңгелек үстелге қатысқан Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Есенгельдин Т.Ә. есірткіге тәуелділіктің психологиялық және медициналық аспектілері туралы кәсіби түсінік беріп, жастар арасында психикалық денсаулықты қалыптастырудың тиімді жолдары, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және оны ерте анықтаудың тиімді жолдары туралы баяндады.Аталған шараның мақсаты-жастар арасында нашақорлыққа, лудоманияға девиантты мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа тұрақты түрде қарсы көзқарас қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, заңға және қоғамдық ларға құрметті дамыту, сондай-ақ қауіпсіз және әділетті қоғамның негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту.

«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың сәуір айында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында қала колледждерінің студенттері үшін бейімдеу және детоксикация орталығына экскурсиялар өткізілді.

«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың сәуір айында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында қала колледждерінің студенттері үшін бейімдеу және детоксикация орталығына экскурсиялар өткізілді.Экскурсия барысында білім алушыларға алкоголь мен есірткі заттардың адам ағзасына тигізер зияны, олардың құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін екендігі, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шаралары туралы семинарлар өткізілді. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігер психиатр-наркологымен тікелей эфир форматында кездесу ұйымдастырылды.Сонымен қатар, психоактивті заттарды тұтыну фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу принциптері түсіндіріліп, есірткі тесттерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Студенттер куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді. Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары студенттердің сұрақтарына жауап берді. Экскурсия аясында 4 колледждің 474 студенті қамтылды.

«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың 29 сәуірінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында бейімдеу және детоксикация бөлімшесіне Көлік және коммуникация колледжінің 1-курс студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттерге алкоголь мен есірткі заттарының адам ағзасына зияны, олардың құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкіндігі, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шаралары туралы семинар өткізілді. Кездесу аясында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Кенесбекова Салия Кенесбековнамен тікелей эфир форматында сұхбат жүргізілді.Сонымен қатар, психоактивті заттарды тұтыну фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу принциптері түсіндіріліп, есірткі тестерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Студенттер куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді. Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары студенттердің сұрақтарына жауап берді.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы