4 сәуір күні №5 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясы жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы психолог маманы В.Е. Карсакбаеваның қатысуымен «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында психолог оқушылармен түрлі психологиялық техникаларды орындап, олардың қызығушылығы мен белсенді қатысуына ықпал етті. Бұл жаттығулар жасөспірімдердің көңіл-күйін көтеріп, өз-өзін түсінуіне және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Оқушылармен суицидтің алдын алу, эмоционалдық күйді түсіну, қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.
Кездесу кезінде суицидтің не екені, оның қандай себептерден туындайтыны түсіндірілді. Сонымен қатар, егер жасөспірімнің өзіне зиян келтіру туралы ойлары пайда болса, мұндай жағдайда не істеу керектігі айтылды. Оқушыларға ең алдымен үндемей қалмай, сенімді адамдарға — ата-анаға, мұғалімге немесе мектеп психологына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, қиын сезімдердің уақытша болатыны, кез келген мәселенің шешімі бар екені және әр адамның өмірі құнды екені ерекше атап өтілді. Жасөспірімдерге бір-біріне қолдау көрсету, достарына мұқият болу және көмек қажет болған жағдайда бірге әрекет ету маңызды екені жеткізілді.
Бала қауіпсіздігі – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі. Осындай бірлескен жұмыстар арқылы біз жас ұрпақтың психикалық саулығын нығайтып, жарқын болашағына жол ашамыз.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.
Аталған шараға 50 оқушы қатысты.

  • заңментәртіп
  • Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
  • адалазамат
  • адалҰрпақ
  • адалдыққұндылығы
  • СаналыҰрпақ
  • ТәрбиеліҰрпақ
  • Профилактика
  • СуицидтіңАлдынАлу
  • ЖасөспірімҚауіпсіздігі
  • БалаҚұқығы
  • ПсихологиялықСаулық
  • ҚауіпсізМектеп
  • денсаулық
  • денісауұрпақ
  • спорт
  • балақауіпсіздігі
  • ПсихологиялықҚолдау
  • ЖастарДенсаулығы
  • ПсихикалықДенсаулық
  • ПсихологКеңесі
  • ОтбасыТәрбиесі
«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы