2026 жылғы 23 қыркүйекте №7 Атырау қалалық емханасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің 8–11 сынып оқушылары арасында «Өмір – құндылық: қиын жағдайларды еңсеру және психологиялық қолдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидолог-психологы қатысты.
Іс-шара барысында оқушылармен ашық диалог жүргізіліп, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру жолдары, психологиялық қолдау алудың маңыздылығы және өз эмоцияларын түсіну мәселелері талқыланды.
Кездесу интерактивті форматта өтті: оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. «Сұрақ-жауап» форматындағы еркін пікір алмасу арқылы жасөспірімдер үшін маңызды тақырыптарға назар аударылды.
Басты мақсат – оқушыларға қиындықты жалғыз өткермеудің, уақытында көмек сұраудың және өз өмірі мен психологиялық денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.
Өмір – құндылық. Әрбір қиындықтың шешімі бар. Көмек сұрау – әлсіздік емес, өзіңе деген қамқорлық.


