«Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу (диагностика, басқару және емдеу)» тақырыбында біліктілік арттыру курсы

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 21–26 қыркүйек аралығында Атырау облысы БМСК мамандарын (ЖТД, психиатр, педиатр, медицина ұйымдарының психологтарын) «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу (диагностика, басқару және емдеу)» тақырыбында біліктілік арттыру курсы бойынша оқу-семинар-тренинг өткізілуде. Оқытуды «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының” жоғары санатты дәрігер-психиатр-нарколог, психотерапевт, арнайы оқытылған тренер Тлеубаева Шайзат Мухаметкаировна жүргізуде. Оқуға Атырау қаласы мен аудандарының емханаларының 43 дәрігерлері мен психологтары қатысуда. 60 сағатқа есептелген бұл оқу алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде суицидтік қауіп тобындағы адамдарды ерте анықтау, бағалау және уақтылы мамандандырылған көмекке бағыттау бойынша мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Оқу АОПДО базасында жүргізілуде.

«Өмір – құндылық: қиын жағдайларды еңсеру және психологиялық қолдау» тақырыбында профилактикалық кездесу

2026 жылғы 23 қыркүйекте №7 Атырау қалалық емханасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің 8–11 сынып оқушылары арасында «Өмір – құндылық: қиын жағдайларды еңсеру және психологиялық қолдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидолог-психологы қатысты. Іс-шара барысында оқушылармен ашық диалог жүргізіліп, қиын өмірлік жағдайларды еңсеру жолдары, психологиялық қолдау алудың маңыздылығы және өз эмоцияларын түсіну мәселелері талқыланды. Кездесу интерактивті форматта өтті: оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. «Сұрақ-жауап» форматындағы еркін пікір алмасу арқылы жасөспірімдер үшін маңызды тақырыптарға назар аударылды. Басты мақсат – оқушыларға қиындықты жалғыз өткермеудің, уақытында көмек сұраудың және өз өмірі мен психологиялық денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу. Өмір – құндылық. Әрбір қиындықтың шешімі бар. Көмек сұрау – әлсіздік емес, өзіңе деген қамқорлық.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2026 жылдың 18-ші қыркүйегінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің және Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ өткізілді.Тақырыбы:

🌿 ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ӘРҚАШАН НАЗАРДА

2026жылғы 9 қыркүйекте № 10 С.Мұқанов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы В.Е.Карсакбаева «Өмір – құндылық: қиын жағдайларды еңсеру және психологиялық қолдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. 🔹 Кездесу барысында жасөспірімдермен қиын өмірлік жағдайларды еңсеру жолдары, эмоционалдық қиындықтарды дер кезінде байқау және психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы ашық әңгіме жүргізілді.🔹 Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың негізгі белгілері, жасөспірімнің көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударудың маңыздылығы түсіндірілді. Қиындықты жалғыз өткермей, сенімді адамнан, ата-анадан, мұғалімнен немесе маманнан көмек сұраудың маңызы айтылды.Оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, кейін ол психологпен бірге талқыланды. Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Кездесуге 60 оқушы қатысты. #балақауіпсіздігі#ПсихологиялықҚолдау#ЖастарДенсаулығы#ПсихикалықДенсаулық#ПсихологКеңесі#БалаларҚауіпсіздігі#ОтбасыТәрбиесі#заң_мен_тәртіп

Баланың эмоциялык дағдарысы мен суицидтік қаупін ата-ана қалай дер кезінде байқай алады

4 қыркүйекте Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің» ата-аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы В.Е.Карсакбаева «“Баланың эмоциялык дағдарысы мен суицидтік қаупін ата-ана қалай дер кезінде байқай алады” тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесу барысында ата-аналарға бала және жасөспіріммен сенімді қарым-қатынас орнатудың, оларды тыңдап, сезімдерін түсінудің және эмоционалдық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар баланың мінез-құлқы мен көңіл күйіндегі өзгерістерге назар аудару, психологиялық күйзеліс белгілерін дер кезінде байқау және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну мәселелері түсіндірілді. Кездесуге барлығы 60 ата-ана белсене қатысып, ата – аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда!#балақауіпсіздігі#ПсихологиялықҚолдау#ЖастарДенсаулығы#ПсихикалықДенсаулық#ПсихологКеңесі#БалаларҚауіпсіздігі#ОтбасыТәрбиесі#заң_мен_тәртіп

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы