26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні
📌📌📌26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 19 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қызметкерлерімен «Нашақорлық,алкоголизм,темекі шегу туралы және құмар ойындар» тақырыбында кездесу өткізді.📌📌📌Дәрігер-нарколог қызметкерлерге алкогольдің , темекінің, есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.Кездесу барысында қызметкерлер үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.📌📌📌 Мамандар тарапынан түрлі кеңестер беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.📌📌📌 Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.✅Қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 45 адам қатысты. #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі #заңментәртіп
