Қозғалыс – бұл өмір

🚴🚴🚴2026 жылдың 14 маусымында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлері күніне орай “Қозғалыс – бұл өмір” атты кең ауқымды веломарафон өтті.🚴‍♂️🚴‍♂️🚴‍♂️ Шараның салтанатты ашылуына Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Қайратұлы қатысып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, медицина қызметкерлеріне қоғам денсаулығын сақтаудағы медицина мамандарының өлшеусіз еңбегіне тоқталып, денсаулық пен спорттың өзара байланыстылығын атап өтті.🚴‍♂️🚴‍♂️🚴‍♂️ Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Веломарафон бағыты С.Бейбарыс даңғылынан басталып, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына дейін аралық бекітіліп, шараға 150-ден астам медицина қыземткерелрі қатысты.✅ Қатысушылар жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын қашықтықты велосипедпен жүріп өтіп, осы шараға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Е.Е.Қыдырсиқов бастаған ұжым қызметкерлері белсене қатысты.❤️ Іс-шара соңында қатысушылар арасында арнайы лотереялық ұтыс ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Медицина саласының дамуына үлес қосқан абзал жандарды құрметтеп, Алғыс хатпен марапаттады.🌺Команда мүшелеріне мықты денсаулық, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз! #СпортпенДенсаулық #Атырау #МедицинаҚызметкерлеріКүні #Веломарафон #ҚозғалысБұлӨмір #салауаттыөмірсалты #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық

Өмірді таңда! Денсаулықты сақта!

Қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 25 адам қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері В.И.Семионичева 2026 жылғы 3 – ші маусымда ҚР ІІМ қылмыстық-түзету Комитетінің №75 мекемесінде «Синтетикалық есірткілер: шындық пен зардабы» тақырыбында бас бостандығынан айрылғандар арасында кездесу өткізді.Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді.Кездесуге 7 адам қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

✅Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының, қалалық және аудандық емханаларының психолог мамандары мен психиатр дәрігерлері 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік» күндерін өткізді.✅Ашық – есік күніне келген ата- аналарға балалардың психикалық денсаулығын қорғау, аутизмнің профилактикасын мен емдеу шаралары туралы кеңестер берілді.👩Балаларымыз әрдайым аман, бақытты, білімді болып өссін! Әр шаңырақтан баланың күлкісі үзілмей, болашақтары жарқын болғай! #БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #БалаларМерекесі #денсаулық #денісауұрпақ #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі

Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К. Каюпов 2026 жылғы 29 мамырда «Облыстық балалар кітапханасында» қызметкерлер мен жоғарғы сынып мектеп оқушыларымен Сенің өмірің,сенің ортаң! Есірткіге жол жоқ! тақырыбында өткізген дөңгелек үстелге қатысты.Дәрігер-нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірдіп, «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Қызметкерлер мен оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 20 оқушы қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы