26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К. Каюпов 2026 жылғы  10 маусымда  «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ-ның «Атырау вагон пайдалану депосы» қызметкерлерімен   «Алкогольдің , темекінің және   есірткінің адам ағзасына  зияны» тақырыбында дәріс өткізді. 
  Дәрігер-нарколог қызметкерлерге  алкогольдің , темекінің,  есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
 Кездесу барысында  қызметкерлер  үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.
   Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды. 

Қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.
Аталған шараға 25 адам қатысты.

#заңментәртіп

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#нашақорлыққақарсымыз

#нашақорлыққажолжоқ

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#денсаулық

#денісауұрпақ

#спорт

#балақауіпсіздігі

#ПсихологиялықҚолдау

#ЖастарДенсаулығы

#ПсихикалықДенсаулық

#ПсихологКеңесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы