2026жылғы 9 қыркүйекте № 10 С.Мұқанов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының  психолог маманы В.Е.Карсакбаева «Өмір – құндылық: қиын жағдайларды еңсеру және психологиялық қолдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. 

🔹 Кездесу барысында жасөспірімдермен қиын өмірлік жағдайларды еңсеру жолдары, эмоционалдық қиындықтарды дер кезінде байқау және психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы ашық әңгіме жүргізілді.
🔹 Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың негізгі белгілері, жасөспірімнің көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударудың маңыздылығы түсіндірілді. Қиындықты жалғыз өткермей, сенімді адамнан, ата-анадан, мұғалімнен немесе маманнан көмек сұраудың маңызы айтылды.
Оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, кейін ол психологпен бірге талқыланды. Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Кездесуге 60 оқушы қатысты.

#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#БалаларҚауіпсіздігі
#ОтбасыТәрбиесі
#заң_мен_тәртіп

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы