4 қыркүйекте Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің» ата-аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы В.Е.Карсакбаева «“Баланың эмоциялык дағдарысы мен суицидтік қаупін ата-ана қалай дер кезінде байқай алады” тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға бала және жасөспіріммен сенімді қарым-қатынас орнатудың, оларды тыңдап, сезімдерін түсінудің және эмоционалдық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар баланың мінез-құлқы мен көңіл күйіндегі өзгерістерге назар аудару, психологиялық күйзеліс белгілерін дер кезінде байқау және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну мәселелері түсіндірілді.
Кездесуге барлығы 60 ата-ана белсене қатысып, ата – аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда!
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#БалаларҚауіпсіздігі
#ОтбасыТәрбиесі
#заң_мен_тәртіп
