🚴🚴🚴2026 жылдың 14 маусымында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлері күніне орай “Қозғалыс – бұл өмір” атты кең ауқымды веломарафон өтті.
🚴‍♂️🚴‍♂️🚴‍♂️ Шараның салтанатты ашылуына Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Қайратұлы қатысып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, медицина қызметкерлеріне қоғам денсаулығын сақтаудағы медицина мамандарының өлшеусіз еңбегіне тоқталып, денсаулық пен спорттың өзара байланыстылығын атап өтті.
🚴‍♂️🚴‍♂️🚴‍♂️ Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған Веломарафон бағыты С.Бейбарыс даңғылынан басталып, Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына дейін аралық бекітіліп, шараға 150-ден астам медицина қыземткерелрі қатысты.
✅ Қатысушылар жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын қашықтықты велосипедпен жүріп өтіп, осы шараға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Е.Е.Қыдырсиқов бастаған ұжым қызметкерлері белсене қатысты.
❤️ Іс-шара соңында қатысушылар арасында арнайы лотереялық ұтыс ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Медицина саласының дамуына үлес қосқан абзал жандарды құрметтеп, Алғыс хатпен марапаттады.
🌺Команда мүшелеріне мықты денсаулық, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

#СпортпенДенсаулық

#Атырау

#МедицинаҚызметкерлеріКүні

#Веломарафон

#ҚозғалысБұлӨмір

#салауаттыөмірсалты

#денсаулық

#денісауұрпақ

#спорт

#ЖастарДенсаулығы

#ПсихикалықДенсаулық

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы