26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К. Каюпов 2026 жылғы 29 мамырда «Облыстық балалар кітапханасында» қызметкерлер мен жоғарғы сынып мектеп оқушыларымен Сенің өмірің,сенің ортаң! Есірткіге жол жоқ! тақырыбында өткізген дөңгелек үстелге қатысты.
Дәрігер-нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірдіп, «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қызметкерлер мен оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Аталған шараға 20 оқушы қатысты.

#заңментәртіп

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#нашақорлыққақарсымыз

#нашақорлыққажолжоқ

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#денсаулық

#денісауұрпақ

#спорт

#балақауіпсіздігі

#ПсихологиялықҚолдау

#ЖастарДенсаулығы

#ПсихикалықДенсаулық

#ПсихологКеңесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы