«Нашақорлық, маскүнемдік және мінез – құлық ауруларының алдын – алу» тақырыбында кездесу

2 сәуірде ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша Департаменті Жағалау күзеті дивизионның қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог – дәрігері В.И.Семионичева «Нашақорлық, маскүнемдік және мінез – құлық ауруларының алдын – алу» тақырыбында кездесу өткізді.Кездесу барысында дәрігер-нарколог қызметкерлерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.Қызметкерлерге есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді.Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.Кездесуге 30 адам қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Атырау – таза қала» жалпықалалық сенбілігі

🌺Бүгін 28 наурызда «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының» қызметкерлері «Атырау – таза қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысты.✅ Қаламыздың көркеюіне атсалып бізде өз мекемеміздің аумағынтазалап, абаттандырып, мекемелер маңайындағы ағаш түптері ақталып, қопсытылды.Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қамтамасыз етілді. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық бірлік пен жауапкершілікті арттыра түседі.✅ Тазалық – әр адамның жауапкершілігі. Таза орта – денсаулық кепілі, ал дені сау қоғам – елдің берекелі болашағы.✅ Осы сенбілікке белсене қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!✅ Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, табиғатты қорғауға қосқан үлестеріңіз арта берсін.✅ Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. #ТазаКазакстан #тазакала #тазааудан #жанарукуні #ТазаКазакстанАтырау

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр – нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 18-ші наурызда Атырау қаласының №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Есірткі және алкогольді өнімдерін тұтынудың зияндары мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді.

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр – нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 18-ші наурызда Атырау қаласының №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Есірткі және алкогольді өнімдерін тұтынудың зияндары мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді.

📌📌📌Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр – нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 18-ші наурызда Атырау қаласының №22 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Есірткі және алкогольді өнімдерін тұтынудың зияндары мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді.📌📌📌 Кездесу барысында дәрігер – нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.📌📌📌 Кездесудің басты мақсаты -оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, оқушыларға өмір сүру салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырады.♻ Аталған шараға 50 оқушы қатысты.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы