🌺Бүгін 28 наурызда «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының» қызметкерлері «Атырау – таза қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысты.
✅ Қаламыздың көркеюіне атсалып бізде өз мекемеміздің аумағын
тазалап, абаттандырып, мекемелер маңайындағы ағаш түптері ақталып, қопсытылды.Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қамтамасыз етілді. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық бірлік пен жауапкершілікті арттыра түседі.
✅ Тазалық – әр адамның жауапкершілігі. Таза орта – денсаулық кепілі, ал дені сау қоғам – елдің берекелі болашағы.
✅ Осы сенбілікке белсене қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз!
✅ Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, табиғатты қорғауға қосқан үлестеріңіз арта берсін.
✅ Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
#ТазаКазакстан
#тазакала
#тазааудан
#жанарукуні
#ТазаКазакстанАтырау









