«Темекінің зияны туралы»

«Темекінің зияны туралы»

2025 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облысы бойынша Экология департаментінің қызметкерлеріне Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер нарколог Т.А.Есенгельдиннің қатысумен «Темекінің зияны туралы» тақырыбында дәріс өткізіліп, дәріске 15-тен аса қызметкер қатыстырылды. Кездесу барысында темекі мен есірткі түрлері, олардың құрамы туралы, оған тәуелділіктің себептері, ағзаға тигізетін кері әсерлері және одан туындайтын ауру түрлері бойынша ақпарат беріліп, сонымен қатар қазіргі уақытта жастар арсындағы көп қолданылатын электронды темекілер туралы және күрделі тақырыптың бірі лудомания бойынша ақпараттар айтылды. Дәріске қатысушы қызметкерлер қызушылық танытып, көкейтесті сұрақтарын қойып, туындаған сұрақтарына тұжырымды жауаптар берілді.

«Суицитік мінез-құлықтың, нашақорлық пен алкогольге бейімділіктің алдын алу, құмар ойындарға (лудомания) қарсы күрес»

«Суицитік мінез-құлықтың, нашақорлық пен алкогольге бейімділіктің алдын алу, құмар ойындарға (лудомания) қарсы күрес»

???2025 жылғы 30 қазанда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы арасында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психоәлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісіА.Б. Гимиранова және дәрігер психиатр Л.Г.Уралбекованың қатысуымен «Суицитік мінез-құлықтың, нашақорлық пен алкогольге бейімділіктің алдын алу, құмар ойындарға (лудомания) қарсы күрес» тақырыбында кездесу өткізіліп, кездесуге 100 аса қызметкер қатыстырылды. ???Кездесудің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, спортпен шұғылдануға ынталандыру. ???Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

«25 қазан - Республика күні»

«25 қазан – Республика күні»

«25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында Облыс әкімінің қатысумен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен марапаттар табысталып оның ішінде , медицина саласының дамуына қосқан үлесі, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі мен мінсіз қызметі үшін «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директорының медицина сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Әріптесіміз, ұлағатты ұстаз Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлын «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері атанумен ұжым атынан шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз.

"Нашақорлыққа жол жоқ!"

“Нашақорлыққа жол жоқ!”

2025 жылғы 21 қазан күні Индер аудандық ауруханасының нарколог дәрігері М.Х.Орақов , психолог маманы Д.А. Каденова , жергілікті ішкі істер полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесе “Аққала орта мектебінің” 9–11 сынып оқушыларымен “Нашақорлыққа жол жоқ!” атты кездесу өткізді. Кездесу барысында дәрігер-нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді. «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Аталған шараға 58 оқушы қатысты. «Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!» #нашақорлыққажолжоқ #Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз #нашақорлыққажолжоқ #

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кездесу өтті

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кездесу өтті

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кездесу өтті. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагог-психологтар мен мейірбикелердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде қатысушыларға «Жасыл дәліз» ұғымының мәні түсіндіріліп, психологиялық қолдау мен сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

«Өзін-өзі тану және эмоциялық интеллектіні дамыту»

«Өзін-өзі тану және эмоциялық интеллектіні дамыту»

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Өзін-өзі тану және эмоциялық интеллектіні дамыту» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тұлғалық өсу, эмоционалдық реттеу, стресс менеджмент және позитивті ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған психологиялық әдебиеттер таныстырылды. Шараның мақсаты – психикалық саулықты нығайту мен ішкі үйлесімді арттыруға ықпал ету

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы