Жастар – біздің болашағымыз! Есірткісіз өмір – жарқын өмір!

22 сәуірде Атырау қаласы жалпы білім беретін №27 «И.Тайманов атындағы орта мектеп» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К.Каюпов «Есірткі және алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді. Нашақорлықтың адам ағзасына, қоғамға келтіретін зияны туралы мағлұматтар беріліп, алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді.Кездесу барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 52 оқушы қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Кешкі мектеп» КММ оқушы жастарымен кездесу

📌📌📌14-ші сәуірде Атырау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы өкілдерінің Атырау «Кешкі мектеп» КММ оқушы жастарымен кездесуі өтті.📌📌📌Кездесуге Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мониторингтік ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі-Есірткімен байланысты қылмыстың алдын алу жөніндегі Кеңестің мүшесі Страмоусова Светлана Владимировна қатысты.📌📌📌Кездесу барысында есірткінің заңсыз айналымы және тұтынумен байланысты қылмыстың алдын алудың, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» әкімшілігі, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы негізінде 2026 жылдың 7 сауірі күні...

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» әкімшілігі, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы негізінде 2026 жылдың 7 сауірі күні…

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» әкімшілігі, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы негізінде 2026 жылдың 7 сауірі күні, орталықтың медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық зомбылық фактілеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында: қауіп қатер мен құқыққа қарсы әрекеттер туындаған жағдайда медициналық қызметкерлердің құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру оқыту мақсатында Атырау қалалық полиция бөлімінен аға тергеуші Райхан Утаргалиеваның қатысуымен жалпы ұжымға жиналыс өткізілді.Р.Утаргалиева, медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайтын заң нормалары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне толықтырып жаңадан енгізілген «380-3» бап бойынша «Медицина қызметкерлеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану» фактілері орын алған жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін және нақты жаза көлемін айтып түсіндіріп өтті.Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Р.Утаргалиеваға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, нақты түсіндірме жауап алды.Сонымен қатар, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы әкімшілігімен , келішілерге қызмет көрсету барысында жоғарыда көрсетілген заң нормаларын басшылыққа алуға, және жиналысқа қатысқан бөлім меңгерушілері мен аға медбикелерге қарамағындағы медицина қызметкерлерінің назарына жеткізу міндеттелді.

Жиналыс

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» әкімшілігі, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы негізінде 2026 жылдың 7 сәуірі күні, орталықтың медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық зомбылық фактілеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында: қауіп қатер мен құқыққа қарсы әрекеттер туындаған жағдайда медициналық қызметкерлердің құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру оқыту мақсатында Атырау қалалық полиция бөлімінен аға тергеуші Райхан Утаргалиеваның қатысуымен жалпы ұжымға жиналыс өткізілді.Р.Утаргалиева, медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайтын заң нормалары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне толықтырып жаңадан енгізілген «380-3» бап бойынша «Медицина қызметкерлеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану» фактілері орын алған жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін және нақты жаза көлемін айтып түсіндіріп өтті.Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Р.Утаргалиеваға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, нақты түсіндірме жауап алды.Сонымен қатар, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы әкімшілігімен , келішілерге қызмет көрсету барысында жоғарыда көрсетілген заң нормаларын басшылыққа алуға, және жиналысқа қатысқан бөлім меңгерушілері мен аға медбикелерге қарамағындағы медицина қызметкерлерінің назарына жеткізу міндеттелді.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы