22 сәуірде Атырау қаласы жалпы білім беретін №27 «И.Тайманов атындағы орта мектеп» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К.Каюпов «Есірткі және алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді. Нашақорлықтың адам ағзасына, қоғамға келтіретін зияны туралы мағлұматтар беріліп, алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.
Аталған шараға 52 оқушы қатысты.

#заңментәртіп

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#нашақорлыққақарсымыз

#нашақорлыққажолжоқ

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#денсаулық

#денісауұрпақ

#спорт

#балақауіпсіздігі

#ПсихологиялықҚолдау

#ЖастарДенсаулығы

#ПсихикалықДенсаулық

#ПсихологКеңесі

#ОтбасыТәрбиесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы