«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» әкімшілігі, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы негізінде 2026 жылдың 7 сауірі күні, орталықтың медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық зомбылық фактілеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында: қауіп қатер мен құқыққа қарсы әрекеттер туындаған жағдайда медициналық қызметкерлердің құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру оқыту мақсатында Атырау қалалық полиция бөлімінен аға тергеуші Райхан Утаргалиеваның қатысуымен жалпы ұжымға жиналыс өткізілді.
Р.Утаргалиева, медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайтын заң нормалары бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне толықтырып жаңадан енгізілген «380-3» бап бойынша «Медицина қызметкерлеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану» фактілері орын алған жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін және нақты жаза көлемін айтып түсіндіріп өтті.
Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Р.Утаргалиеваға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, нақты түсіндірме жауап алды.
Сонымен қатар, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы әкімшілігімен , келішілерге қызмет көрсету барысында жоғарыда көрсетілген заң нормаларын басшылыққа алуға, және жиналысқа қатысқан бөлім меңгерушілері мен аға медбикелерге қарамағындағы медицина қызметкерлерінің назарына жеткізу міндеттелді.



