2 сәуірде ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша Департаменті Жағалау күзеті дивизионның қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог – дәрігері В.И.Семионичева «Нашақорлық, маскүнемдік және мінез – құлық ауруларының алдын – алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында дәрігер-нарколог қызметкерлерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Қызметкерлерге есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
Кездесуге 30 адам қатысты.
#заңментәртіп
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#нашақорлыққақарсымыз
#нашақорлыққажолжоқ
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#ОтбасыТәрбиесі



