Жаңадан қабылданған Қазақстан Респуликасы Конституциясының 32-бабында:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгiленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы.
  2. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiздерде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады»-делінген. Бұл нені білдіреді? 1-тармақ. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар дегені — мемлекеттің әрбір адамға сапалы медициналық көмек алуға, қауіпсіз қоршаған ортада өмір сүруге және тегін медициналық қызметтерге кепілдік беруі.
    Бұл Конституциямен бекітілген, тең қолжетімділік пен экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік құқық.
    Осы бабпен азаматтардың денсаулығын сақтауға құқылы екені бекітілген.
    2-ші тармақ. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының ақы төлемей медициналық көмек алу құқығы Конституциямен кепілдендірілгендігін, әлеуметтік жағдайына қарамастан, заңда бекітілген медициналық қызметтердің тегін көлемі (ТМККК) әрбір азамат үшін қолжетімді екендігін білдіреді. Олар — жедел жәрдем, бастапқы медициналық-санитарлық көмек және бюджет есебінен қаржыландырылатын емдеу түрлері.
    Яғни, Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында азаматтардың емделу шығындарын өз мойнына алады. Әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан, әрбір азаматқа тегін медициналық көмектің берілуі қолжетімді.
    Бұған жедел жәрдем, санитарлық авиация, емханалардағы алғашқы көмек, сондай-ақ белгілі бір созылмалы ауруларды емдеу жатады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің толық тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 қаулысымен бекітілген.
    Бұл норма мемлекеттің әлеуметтік бағытын және азаматтардың денсаулығын сақтауды басты құндылық ретінде қорғайтынын көрсетеді.
    3-ші тармақ. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Пациенттер ТМККК мен МӘМС-тен тыс қосымша қызметтерді өз қаражаты, ерікті сақтандыру немесе өзге де тыйым салынбаған көздер арқылы ақылы түрде ала алады.
    Ақылы медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелері:
    Ақылы қызметтер бекітілген тарифтер бойынша көрсетіледі, олардың бағасы монополияға қарсы органдармен келісіледі .
    Пациент өзіне көрсетілетін ақылы қызметтер, олардың құны және көрсету шарттары туралы толық ақпарат алуға құқылы.
    Ақылы медициналық көмек тек пациенттің келісімімен және оның төлемі арқылы жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік мекемелердің жанында ақылы бөлімшелер жұмыс істей алады, бірақ олар негізгі тегін медициналық көмек көрсетуге кедергі жасамауы керек.
«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы