26-шы маусымда Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылаудың кейбір мәселелері бойынша семинарлық сабақ өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген»Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптары, медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және тасымалдау ережелері, қалдықтармен жұмыс жасау кезіндегі инфекциялық қауіпсіздік шаралары, медицина қызметкерлері арасында «В» вирустық гепатитінің профилактикасы және Конго-Қырым қызбасының эпидемиологиясы, клиникасы, алдын алу шаралар туралы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша орталықтың дәрігер-эпидемиологы Е.И.Уайсов презентацияларды қолдана отырып, нақты түсініктер берді.
Семинар соңында медицина қызметкерлерімен санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын Кәсіпорында жүзеге асырудың кейбір практикалық аспектілері нақтыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы