Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5 мамырды Дүниежүзілік қол гигиенасы күні деп жариялады.
Өйткені, қолдың тазалығы – бұл вирустар мен бактериялардан қорғау ғана емес, сонымен қатар олардың таралуын болдырмайды.
Қол гигиенасын сақтау – медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмаудың оңтайлы тәсілі. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет, бірақ оны медициналық мамандар арасында сақтамау бүкіл әлемде проблема болып табылады.
Гигиена мәселесі бір адамның ғана проблемасы бола алмайды, оның қалауына қарамастан, ол отбасында, әріптестерінің арасында, сыныпта немесе балабақшадағы топта жұқпалы аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін.
Сондықтан стандартты сақтық шараларын сақтау — инфекцияның алдын-алудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі болып саналады.
Сіздің денсаулығыңыз қолдың қаншалықты дұрыс жуылғанына байланысты. Қол гигиенасына қолды сабынмен жуу, антисептик пайдалану, қолды спирт негізіндегі дезинфекциялық құралдармен немесе антисептикалық гельдермен өңдеу жатады. Қоғамдық орындарда (базарлар, дүкендер, сауда орталықтары, кинотеатрлар және т. б.), дәретханадан кейін, сонымен қатар ластанған заттарды ұстағаннан кейін және тамақтанар алдында қолды мұқият жуу қажет. қазіргі заманауи қоғамда қолдар ұялы телефонмен, компьютер клавиатурасымен, жеке көлікпен, лифт түймелерімен және қолдар жиі тиетін басқа заттармен байланыста болғаннан кейін де ластануы мүмкін.
Қолыңызды таза ұстаңыз, деніңіз сау болсын! Есіңізде болсын, қолдың тазалығы — бұл сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі!
