30-шы сәуірде нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені аясында «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Creative Hub Atyrau» орталығында «Нашақорлық пен лудоманияның алдын алу: тиімді шешімдер және өзара тиімді іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және азаматтық қоғам институттары өкілдері қатысып, өз тараптарынан нашақорлық пен ойынқұмарлыққа қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы тәжірибелермен алмасты, нақты ұсыныстар енгізді.
Дөңгелек үстелге қатысқан Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Есенгельдин Т.Ә. есірткіге тәуелділіктің психологиялық және медициналық аспектілері туралы кәсіби түсінік беріп, жастар арасында психикалық денсаулықты қалыптастырудың тиімді жолдары, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және оны ерте анықтаудың тиімді жолдары туралы баяндады.
Аталған шараның мақсаты-жастар арасында нашақорлыққа, лудоманияға девиантты мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа тұрақты түрде қарсы көзқарас қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті, заңға және қоғамдық ларға құрметті дамыту, сондай-ақ қауіпсіз және әділетті қоғамның негізі ретінде «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту.

  • заңментәртіп
  • Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
  • нашақорлыққақарсымыз
  • нашақорлыққажолжоқ
  • Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
  • денсаулық
  • денісауұрпақ
  • спорт
  • балақауіпсіздігі
  • ПсихологиялықҚолдау
  • ЖастарДенсаулығы
  • ПсихикалықДенсаулық
  • ПсихологКеңесі
  • ОтбасыТәрбиесі
«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы