Экскурсия барысында студенттерге алкоголь мен есірткі заттарының адам ағзасына зияны, олардың құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкіндігі, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шаралары туралы семинар өткізілді. Кездесу аясында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Кенесбекова Салия Кенесбековнамен тікелей эфир форматында сұхбат жүргізілді.
Сонымен қатар, психоактивті заттарды тұтыну фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу принциптері түсіндіріліп, есірткі тестерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Студенттер куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді. Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары студенттердің сұрақтарына жауап берді.
