«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың сәуір айында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында қала колледждерінің студенттері үшін бейімдеу және детоксикация орталығына экскурсиялар өткізілді.
Экскурсия барысында білім алушыларға алкоголь мен есірткі заттардың адам ағзасына тигізер зияны, олардың құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін екендігі, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шаралары туралы семинарлар өткізілді. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігер психиатр-наркологымен тікелей эфир форматында кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, психоактивті заттарды тұтыну фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу принциптері түсіндіріліп, есірткі тесттерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Студенттер куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді. Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары студенттердің сұрақтарына жауап берді. Экскурсия аясында 4 колледждің 474 студенті қамтылды.
