Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында желілік кестеге сай маусым айына жоспарланған «Тәуелділіксіз Атырау» әлеуметтік жобасы аясында шаралар өткізілді.
Атырау қаласындағы Жайық жағалауының Еуропа бөлігінде, атап айтқанда Жастар саябағында кешкі 17.00-22.00 аралығында жастардың бос уақытын саналы түрде салауатты өмір салтына бағыттауға және денсаулыққа бағдарланған құндылықтарды қалыптастыруға арналған кешкі бағдарлама өтті. Қамтылғандар саны-198. Бағдарлама аясында синтетикалық есірткілерді қолданудың салдарын ашып көрсететін кең уқымды ақпараттық – ағарту жұмыстары жүргізіледі, буклеттер мен парақшалар таратылды. Аудиторияны тарту мақсатында сазды бағдарламалар (жанды дауыста ән айту) жүргізілді. Таратылған ақпараттық бетпешелер саны – 211

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы