«Заң және Тәртіп» іс-шарасы аясында 2026 жылдың 29 сәуірінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында бейімдеу және детоксикация бөлімшесіне Көлік және коммуникация колледжінің 1-курс студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттерге алкоголь мен есірткі заттарының адам ағзасына зияны, олардың құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкіндігі, сондай-ақ психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу шаралары туралы семинар өткізілді. Кездесу аясында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Кенесбекова Салия Кенесбековнамен тікелей эфир форматында сұхбат жүргізілді.Сонымен қатар, психоактивті заттарды тұтыну фактісін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу принциптері түсіндіріліп, есірткі тестерін қолдану тәсілдері көрсетілді. Студенттер куәландыру жүргізілетін орынды өз көздерімен көрді. Кездесу барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологтары студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Жастар – біздің болашағымыз! Есірткісіз өмір – жарқын өмір!

22 сәуірде Атырау қаласы жалпы білім беретін №27 «И.Тайманов атындағы орта мектеп» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К.Каюпов «Есірткі және алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны мен зардаптары» тақырыбында кездесу өткізді. Нашақорлықтың адам ағзасына, қоғамға келтіретін зияны туралы мағлұматтар беріліп, алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді.Кездесу барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 52 оқушы қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Кешкі мектеп» КММ оқушы жастарымен кездесу

📌📌📌14-ші сәуірде Атырау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы өкілдерінің Атырау «Кешкі мектеп» КММ оқушы жастарымен кездесуі өтті.📌📌📌Кездесуге Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мониторингтік ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі-Есірткімен байланысты қылмыстың алдын алу жөніндегі Кеңестің мүшесі Страмоусова Светлана Владимировна қатысты.📌📌📌Кездесу барысында есірткінің заңсыз айналымы және тұтынумен байланысты қылмыстың алдын алудың, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы