26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері В.И.Семионичева 2026 жылғы 24 маусымдаҚазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фельдъегерлік қызметіАтырау қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының қызметкерлерімен «Есірткінің жасөспірімдер ағзасына әсері» тақырыбында кездесу өткізді.
Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны, қаупі жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және есірткіге қарсы күресті күшейту жолында маңызды рөль атқарады.
Қызметкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Аталған шараға 10 қызметкер қатысты.
#заңментәртіп
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#нашақорлыққақарсымыз
#нашақорлыққажолжоқ
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#ОтбасыТәрбиесі






