Кешенді бөгет: жастарды есірткі ортасына тартылудан қалай қорғауға болады
📌📌📌 2026 жылғы 23 маусымда Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының ұйымдастыруымен «Кешенді бөгет: жастарды есірткі ортасына тартылудан қалай қорғауға болады» атты конференция өтті.📌📌📌Шара 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Алғаш рет бір алаңда бұл мәселені онымен әртүрлі бағытта күресіп жүрген мамандар: полиция қызметкерлері, Жалпы тәжірибелік дәрігерлер, дәрігер-наркологтар, психологтар мен қоғам қайраткерлері талқылады. Талқылауға Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы, Атырау облысы Білім беру басқармасы Психологиялық қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Құбылбаева Анаргүл Сәлешқызы, психолог Түкенова Шынар Кәдімқызы, қатысты, “Самға” облыстық жастар денсаулық орталығының басшысы Талғат Әлішер Талғатұлы, Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының психиатр-наркологтары, БМСК (бастапқы медико-санитарлық көмек) жалпы тәжірибелік дәрігерлері, психологтар және жастар денсаулық орталықтарының мамандары қатысты.📌📌📌Кездесудің басты мақсаты — жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы іс-қимылдың бірыңғай стратегиясын әзірлеу болды.📌📌📌Дискуссияның негізгі екпіні қауіптің цифрлануына жасалды.Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы (ЕҚҚІБ) өкілдерінің айтуынша, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар манипуляциялық психологиялық схемаларды қолданады. Наркологтар синтетикалық есірткілердің адамның психикасы мен ағзасына тигізетін әсерімен таныстырды. Психологтар ең жақсы қорғаныс — қорқыту емес, баланың психологиялық тапшылығының орнын толтыру және баламалы бос уақытты ұйымдастыру екенін атап өтті. #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық 3денісауұрпақ 3спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі #заңментәртіп
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күні
📌📌📌26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 19 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қызметкерлерімен «Нашақорлық,алкоголизм,темекі шегу туралы және құмар ойындар» тақырыбында кездесу өткізді.📌📌📌Дәрігер-нарколог қызметкерлерге алкогольдің , темекінің, есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.Кездесу барысында қызметкерлер үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.📌📌📌 Мамандар тарапынан түрлі кеңестер беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.📌📌📌 Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.✅Қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.Аталған шараға 45 адам қатысты. #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #нашақорлыққақарсымыз #нашақорлыққажолжоқ #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі #ОтбасыТәрбиесі #заңментәртіп
Қиын бала ма, әлде көмекке мұқтаж бала ма?
✅2026 жылғы 11 маусымда “Атырау облысы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Ақтоты Ойлбайқызы «Қиын бала ма, әлде көмекке мұқтаж бала ма?» тақырыбында кездесу өткізді.✅ Кездесу барысында балалардағы агрессия, өтірік айту, ұрлық жасау, сабақтан қашу сияқты проблемалық мінез-құлықтардың психологиялық себептері қарастырылды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлықты тек тәртіп бұзушылық ретінде емес, баланың ішкі қиындықтарының белгісі ретінде танудың маңыздылығы талқыланды.✅Баланың әр әрекетінің артында белгілі бір қажеттілік пен көмекке деген сұраныс жатуы мүмкін. Сондықтан баланы «қиын» деп бағалаудан бұрын, оның не айтқысы келетінін түсінуге тырысу маңызды.✅Қызметкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.Аталған шараға 15 қызметкер қатысты. #заңментәртіп #Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #балақауіпсіздігі #ПсихологиялықҚолдау #ЖастарДенсаулығы #ПсихикалықДенсаулық #ПсихологКеңесі
