Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кездесу өтті

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кездесу өтті

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай кездесу өтті. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай педагог-психологтар мен мейірбикелердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде қатысушыларға «Жасыл дәліз» ұғымының мәні түсіндіріліп, психологиялық қолдау мен сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.

«Өзін-өзі тану және эмоциялық интеллектіні дамыту»

«Өзін-өзі тану және эмоциялық интеллектіні дамыту»

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Өзін-өзі тану және эмоциялық интеллектіні дамыту» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тұлғалық өсу, эмоционалдық реттеу, стресс менеджмент және позитивті ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған психологиялық әдебиеттер таныстырылды. Шараның мақсаты – психикалық саулықты нығайту мен ішкі үйлесімді арттыруға ықпал ету

Флешмоб

Флешмоб

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Медициналық колледж студенттері мен психологтар бірлесе отырып флешмоб биін орындады. Шараның мақсаты – психикалық саулықтың маңыздылығын насихаттау, позитивті көңіл күй қалыптастыру және бірлік пен қолдаудың символын көрсету болды.

Психикалық денсаулық

Психикалық денсаулық

10 — қазан Психикалық денсаулық күніне орай ,орталықтың психолог маманы Ойлбай Ақтоты Дағыстанқызы радио эфиріне қатысып, осы тақырыпта ой бөлістім. Психикалық денсаулық — әр адамның ішкі тепе-теңдігі мен өмір сапасының негізі. Ол тек аурудың жоқтығы емес, адамның өз эмоциясын түсінуі, өмір қиындықтарына икемделуі, және басқа адамдармен сау қарым-қатынас орната білуі. Психикалық қиындықтар әр адамда болуы мүмкін — жасы мен мамандығына қарамай. Ең бастысы — өз жағдайыңды мойындау, қажет кезде көмек сұрау, және өзіңе қамқор болу. Өзіңді тыңдау, демалу, эмоцияларыңды қабылдау — психикалық денсаулыққа ең қарапайым, бірақ маңызды қадам.

«Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру»

«Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру»

?10 — қазан Психикалық денсаулық күніне орай, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының логопед маманы Кусайнова Венера Рахметоллаевна «Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ата-аналар баламен күнделікті қарым-қатынаста сөйлеуді белсендіру, тілдік ортаны байыту және ойын арқылы тіл дамыту тәсілдерімен танысты. ? Мұндай кездесулер ата-аналарға баласының дамуына қолдау көрсетудің маңызын түсінуге және үй жағдайында қарапайым, бірақ тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. ?? #психикалықденсаулықкүні #логопед #балатілі #атаанаменжұмыс #коррекция #тілдамыту

? Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы ?

? Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы ?

? Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы ? 10 қазан Психикалық денсаулық күні. Бұл күн — өзімізге, ішкі күйімізге және өмір сапасына назар аударуға арналған еске салу. Психикалық саулық тек ой мен эмоцияға ғана емес, әрекетке де байланысты. Сол себепті еңбек терапиясы (әртүрлі іс-әрекеттер арқылы емдік және түзету жұмысы) — адамның психикалық қалпына оң әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. ? Тоқу, сурет салу, пісіру, бау-бақша күту, қолөнер сияқты іс-шаралар: – ойды тыныштандырады; – мазасыздықты азайтады; – өз-өзіне сенімділікті арттырады; – “мен істей алам” деген сезімді қайта оятады. Кішкентай қимыл, аз ғана шығармашылық — жанды емдейтін әрекет. Өйткені еңбек тек нәтиже емес, процесс арқылы да саулық сыйлайды. Сондықтан бүгін өзіңе бір қарапайым, бірақ мағыналы іс жаса: ? тоқып көр, ? гүл отырғыз, ? ойыңды жаз, немесе жай ғана бір нәрсені сүйіспеншілікпен істе. Психикалық денсаулық — тек мамандардың емес, әр адамның күнделікті таңдауы.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы