«Есірткіге жол жоқ!», «Есірткісіз өмір – бақытты өмір!»

«Есірткіге жол жоқ!», «Есірткісіз өмір – бақытты өмір!»

«Есірткіге жол жоқ!», «Есірткісіз өмір – бақытты өмір!» 4 желтоқсанда Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық балалар кітапханасының қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К. Каюпов «Есірткісіз болашаққа» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында дәрігер-нарколог қызметкерлерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді. Мамандар тарапынан түрлі кеңестер беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Аталған шараға 20- дан аса қызметкер қатысты. #нашақорлыққажолжоқ #Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #нашақорлыққажолжоқ #спорт #тілдердідамытубасқармасы #ЕсірткісізБолашақ

«Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез - құлықты алдын алу»

«Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез — құлықты алдын алу»

1 желтоқсанда Атырау қаласы М. Бекмұхамбетов атындағы жалпы орта мектебі оқушылырның ата – аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Н.А.Асланбекова «Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез — құлықты алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық жағдайын бақылау, олардың эмоциялық әл-ауқатын қолдау жолдары, аутодеструктивті мінез-құлықтың ерте белгілерін тану және алдын алу тәсілдері түсіндірілді. Ата-аналарға пайдалы ақпарат беріліп, мамандар олардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды сұрақтарға жауап алды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз ету — ортақ міндет. Кездесуге 30 аса ата- ана қатысты. #психикалықденсаулықорталығы #психологиялыққолдауорталығы #Қалалықбілімбөлімі #суицидтіңалдыналу #суицидтікмінезқұлықтыңалдыналу

«Салауатты өмір - салауатты ойдан басталады»

«Салауатты өмір — салауатты ойдан басталады»

27 қарашада Жалпы білім беретін №37 С. Зиманов атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы В.Мутағалиқызы «Салауатты өмір — салауатты ойдан басталады» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты оқушылардың арасында салауатты өмір салтының маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар тарапынан түрлі кеңестер беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Кездесуге 70 оқушы қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Біздің таңдауымыз – мықты иммунитет, сергек көңіл-күй және белсенді өмір! #Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз #денсаулық #денісауұрпақ #спорт #ЖасөспірімПсихологиясы #ПсихологиялықСауаттылық #салауаттыөмірсалты

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

2025 жылдың 28 қарашасында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты Қоғамдық Қауісіздік Бөлімдері және Есірткі бизнесіне қарсы іс қимыл басқармасының өкілі, Атырау қаласы полиция басқармасының Атырау қаласы, №1, № 2 ҚПБ-нің учаскелік полиция тобының аға инспекторлары, облыстық психикалық денсаулық орталығының және аудандық психикалық денсаулық кабинеттері дәрігерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиынды Орталық директорының наркология қызметі бойынша орынбасары Ж.К.Мухлисов ашты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Орталықтың Медициналық аналитикалық талдау бөлімінің меңгерушісі С.В.Страмоусова баяндама жасады. Жиында Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ- 224/2020 бұйрығына сәйкес, наркологиялық есепте тұрған адамдарға динамикалық бақылауды жүзеге асыру, Алкогольді және басқа да психоактивті заттарды (есірткі) асыра пайдаланатын, әлеуметтік қауіпті әрекеттерді жасауға бейім, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына сәйкес динамикалық бақылауға алу нормаларын қолдану кезінде жол берілетін кемшіліктерді талқыланды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 135 бұйрығымен «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар науқастарға қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға (мәжбүрлеп емдеу бөлімшелеріне) жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімінің» шығуына байланысты облыстың Полиция департаменті қызметкерлеріне түсіндіріліп, ақпарат берілді.

«ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу»

«ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу»

1 желтоқсан күні Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы С.К. Каюпов С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен «ЖИТС және нашақорлық дертінің алдын алу» тақырыбында кеңейтілген ақпараттық кездесу өткізді. Шараның мақсаты: Жастар арасында ЖИТС (СПИД) және нашақорлық дерттерінің алдын алу, олардың зиянды салдарын түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Шара барысында: ЖИТС пен нашақорлықтың адам ағзасына, қоғамға келтіретін зияны туралы мағлұматтар беріліп, алдын алу жолдары мен қорғану тәсілдері түсіндірілді. Кездесу барысында студенттер маманға еркін түрде сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды. Жастар арасында өзара қолдау, дұрыс орта қалыптастыру, қажет болған жағдайда уақытында маманға жүгінудің маңызы ерекше атап өтілді. Кездесуге барлығы 82- ден астам студент қатысты.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы