


Денсаулық туралы бейне
Денсаулық туралы бейне

?«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілігі жаңа 2025 жыл қарсаңында психикалық денсаулығына байланысты диспансерлік есептегі бір топ балалар мен жасөспірімдерге сыйлықтар табыстап,
?«Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілігі жаңа 2025 жыл қарсаңында психикалық денсаулығына байланысты диспансерлік есептегі бір топ балалар мен жасөспірімдерге сыйлықтар табыстап, оларға жаңа жылдық көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. ?«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК әкімшілігі осынау қайырымдылық ізгі шараға демеуші болған аталған ұжым мен оның басшысы Бишимов Қуаныш Ердаулетұлына өз ризашылығы мен үлкен алғысын білдіреді! ?Жаңа жылда жаңа жетістіктер, Еліміздің игілі үшін жасап жатырған ерен еңбектеріңізге толағай табыстар, отбастарыңызға амандық, бақыт пен береке тілейміз!

???АҚ Қазақстан Halyk Bank қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында психикалық денсаулық орталығында, дәрігердің қабылдауына келген балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстап
???АҚ Қазақстан Halyk Bank қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында психикалық денсаулық орталығында, дәрігердің қабылдауына келген балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, оларға көтеріңкі көңіл – күй мен қуаныш сыйлады. ✅«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» әкімшілігі осынау қайырымдылық ізгі шараға демеуші болған аталған ұжым мен оның басшысы Майкопова Жанна Болатқызына және директордың бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Айтжанов Ернар Жаскайратович, Утепбаев Каиржан Дуйсенгалиевич, менеджер Адиева Аксауле Даулеткалиқызына өз ризашылығы мен үлкен алғысын білдіреді! ???Жаңа жылда жаңа жетістіктер, Еліміздің игілі үшін жасап жатырған ерен еңбектеріңізге толағай табыстар, отбастарыңызға амандық, бақыт пен береке тілейміз!

«Есірткісіз жарқын өмір және Лудомания қазіргі заманның өзекті мәселесі»
Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Бекмаганбетова Ғалия Болатбекқызы 2025 жылғы 23 желтоқсанда Атырау сервис колледжінің 1 курс студенттерінмен «Есірткісіз жарқын өмір және Лудомания қазіргі заманның өзекті мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында студенттер үлкен қызығушылық танытып,белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.Әңгіме барысында есірткі мен құмар ойындардың адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды. Қатысқан студенттер саны 31. Жастар – біздің болашағымыз! Есірткісіз өмір – жарқын өмір!

«Ашықтық, заңдылық, адалдық»
♻9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне ұйымдастырылған «Ашықтық, заңдылық, адалдық» Атырау облыс әкімі Серік Шәпкенов төрағалығымен практикалық форум өтті. ✅Іс -шараға мемлекеттік оргындардың квазимемлекеттік сектордың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Ірі кәсіпорындармен ұйымдардың комплаенс қызметінің офицерлері өз корпоративтік адалдық стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісіп, ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Форумға «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының комплаенс қызметінің офицері Мурсалимова Б.И. белсене қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы «Үздік презентация» номинациясы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Нурлан Еркебаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. ✅ Әріптесіміз Мурсалимова Ботакуз Ибатуллаевнаны марапатымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, еңбегіне табыс тілейміз! ?Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!