📌📌📌 2026 жылғы 23 маусымда Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының ұйымдастыруымен «Кешенді бөгет: жастарды есірткі ортасына тартылудан қалай қорғауға болады» атты конференция өтті.
📌📌📌Шара 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Алғаш рет бір алаңда бұл мәселені онымен әртүрлі бағытта күресіп жүрген мамандар: полиция қызметкерлері, Жалпы тәжірибелік дәрігерлер, дәрігер-наркологтар, психологтар мен қоғам қайраткерлері талқылады. Талқылауға Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы, Атырау облысы Білім беру басқармасы Психологиялық қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Құбылбаева Анаргүл Сәлешқызы, психолог Түкенова Шынар Кәдімқызы, қатысты, «Самға» облыстық жастар денсаулық орталығының басшысы Талғат Әлішер Талғатұлы, Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының психиатр-наркологтары, БМСК (бастапқы медико-санитарлық көмек) жалпы тәжірибелік дәрігерлері, психологтар және жастар денсаулық орталықтарының мамандары қатысты.
📌📌📌Кездесудің басты мақсаты — жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы іс-қимылдың бірыңғай стратегиясын әзірлеу болды.
📌📌📌Дискуссияның негізгі екпіні қауіптің цифрлануына жасалды.Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы (ЕҚҚІБ) өкілдерінің айтуынша, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар манипуляциялық психологиялық схемаларды қолданады. Наркологтар синтетикалық есірткілердің адамның психикасы мен ағзасына тигізетін әсерімен таныстырды. Психологтар ең жақсы қорғаныс — қорқыту емес, баланың психологиялық тапшылығының орнын толтыру және баламалы бос уақытты ұйымдастыру екенін атап өтті.

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#нашақорлыққақарсымыз

#нашақорлыққажолжоқ

#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз

#денсаулық

3денісауұрпақ

3спорт

#балақауіпсіздігі

#ПсихологиялықҚолдау

#ЖастарДенсаулығы

#ПсихикалықДенсаулық

#ПсихологКеңесі

#ОтбасыТәрбиесі

#заңментәртіп

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы