📌📌📌26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің зансыз айналымына қарсы күрес күніне орай жасақталған іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері С.К.Каюпов 2026 жылғы 19 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қызметкерлерімен «Нашақорлық,алкоголизм,темекі шегу туралы және құмар ойындар» тақырыбында кездесу өткізді.
📌📌📌Дәрігер-нарколог қызметкерлерге алкогольдің , темекінің, есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Кездесу барысында қызметкерлер үлкен қызығушылық танытып,шараға белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.
📌📌📌 Мамандар тарапынан түрлі кеңестер беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
📌📌📌 Кездесу барысында есірткі, алкогольдің ішімдіктің адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.
✅Қызметкерлер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды.
Аталған шараға 45 адам қатысты.
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#нашақорлыққақарсымыз
#нашақорлыққажолжоқ
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
#ОтбасыТәрбиесі
#заңментәртіп
