✅2026 жылғы 11 маусымда «Атырау облысы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» қызметкерлерімен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Ақтоты Ойлбайқызы «Қиын бала ма, әлде көмекке мұқтаж бала ма?» тақырыбында кездесу өткізді.
✅ Кездесу барысында балалардағы агрессия, өтірік айту, ұрлық жасау, сабақтан қашу сияқты проблемалық мінез-құлықтардың психологиялық себептері қарастырылды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлықты тек тәртіп бұзушылық ретінде емес, баланың ішкі қиындықтарының белгісі ретінде танудың маңыздылығы талқыланды.
✅Баланың әр әрекетінің артында белгілі бір қажеттілік пен көмекке деген сұраныс жатуы мүмкін. Сондықтан баланы «қиын» деп бағалаудан бұрын, оның не айтқысы келетінін түсінуге тырысу маңызды.
✅Қызметкерлер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Аталған шараға 15 қызметкер қатысты.
#заңментәртіп
#Салауаттыөмірсалтын_ұстанамыз
#денсаулық
#денісауұрпақ
#спорт
#балақауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау
#ЖастарДенсаулығы
#ПсихикалықДенсаулық
#ПсихологКеңесі
