♻9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне ұйымдастырылған «Ашықтық, заңдылық, адалдық» Атырау облыс әкімі Серік Шәпкенов төрағалығымен практикалық форум өтті.

✅Іс -шараға мемлекеттік оргындардың квазимемлекеттік сектордың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Ірі кәсіпорындармен ұйымдардың комплаенс
қызметінің офицерлері өз корпоративтік адалдық стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісіп, ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Форумға «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының комплаенс қызметінің офицері Мурсалимова Б.И. белсене қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы «Үздік презентация» номинациясы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Нурлан Еркебаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
✅ Әріптесіміз Мурсалимова Ботакуз Ибатуллаевнаны марапатымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, еңбегіне табыс тілейміз!

🌺Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы