2025 жылғы 27 қарашада Атырау қаласы білім бөлімінің “Кешкі мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылардың ата -аналарымен
Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатры Ә.М.Аманжолқызы және психолог маманы А.Д. Ойлбай «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында ата-аналардын психологиялық, сауаттылығын арттыру, қауіпті мінез- құлықтың алдын алу жане уақытылы қолдау көрсетудің маңызы тусіндіріліп, мамандар жасеспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-кулықтың себептері, оны ерте анықтау жолдары, ата-ананың ролі, қауіп белгілері және алдын алу тәсілдері туралы кең көлемде ақпарат берді.

Кездесуге барлығы 20 ата-ана белсене қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.

 

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы