2025 жылғы 19 қарашада Атырау жоғары медициналық колледжінің студенттерінің ата -аналарымен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатры Т.Талғатқызы және психолог маманы Е.В.Карсақбаеваның қатысуымен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жане ерте анықтау» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында ата-аналардын психологиялық, сауаттылығын арттыру, қауіпті мінез- құлықтың алдын алу жане уақытылы қолдау көрсетудің маңызы тусіндіріліп, мамандар жасеспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-кулықтың себептері, оны ерте анықтау жолдары, ата-ананың ролі, қауіп белгілері және алдын алу тәсілдері туралы кең көлемде ақпарат берді. Кездесуге барлығы 60 ата-ана белсене қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы