🎗10 — қазан Психикалық денсаулық күніне орай, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының логопед маманы Кусайнова Венера Рахметоллаевна «Баланы үй жағдайында сөйлеуге ынталандыру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында ата-аналар баламен күнделікті қарым-қатынаста сөйлеуді белсендіру, тілдік ортаны байыту және ойын арқылы тіл дамыту тәсілдерімен танысты. 🧩
Мұндай кездесулер ата-аналарға баласының дамуына қолдау көрсетудің маңызын түсінуге және үй жағдайында қарапайым, бірақ тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді. 💬💛
#психикалықденсаулықкүні #логопед #балатілі #атаанаменжұмыс #коррекция #тілдамыту
