Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Бекмаганбетова Ғалия Болатбекқызы 2025 жылғы 23 желтоқсанда Атырау сервис колледжінің 1 курс студенттерінмен «Есірткісіз жарқын өмір және Лудомания қазіргі заманның өзекті мәселесі» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында студенттер үлкен қызығушылық танытып,белсенділікпен қатысып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.Әңгіме барысында есірткі мен құмар ойындардың адам психикасына, денсаулығына және қоғамға тигізер зияны кеңінен талқыланды.
Студенттер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы ақпарат алды. Қатысқан студенттер саны 31.

Жастар – біздің болашағымыз! Есірткісіз өмір – жарқын өмір!

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы