2025 жылғы 21 қазан күні Индер аудандық ауруханасының нарколог дәрігері М.Х.Орақов , психолог маманы Д.А. Каденова , жергілікті ішкі істер полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесе «Аққала орта мектебінің» 9–11 сынып оқушыларымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында дәрігер-нарколог жасөспірімдерге есірткінің түрлері, олардың, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына келтіретін зияны, нашақорлықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
«Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында слайд, бейнероликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Аталған шараға 58 оқушы қатысты.
«Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!»
#нашақорлыққажолжоқ
#Салауатты_өмір_салтын_ұстанамыз
#нашақорлыққажолжоқ #


