🧠 Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы 🌱

10 қазан Психикалық денсаулық күні.
Бұл күн — өзімізге, ішкі күйімізге және өмір сапасына назар аударуға арналған еске салу.

Психикалық саулық тек ой мен эмоцияға ғана емес, әрекетке де байланысты.
Сол себепті еңбек терапиясы (әртүрлі іс-әрекеттер арқылы емдік және түзету жұмысы) — адамның психикалық қалпына оң әсер ететін маңызды бағыттардың бірі.

🪡 Тоқу, сурет салу, пісіру, бау-бақша күту, қолөнер сияқты іс-шаралар:
– ойды тыныштандырады;
– мазасыздықты азайтады;
– өз-өзіне сенімділікті арттырады;
– “мен істей алам” деген сезімді қайта оятады.

Кішкентай қимыл, аз ғана шығармашылық — жанды емдейтін әрекет.
Өйткені еңбек тек нәтиже емес, процесс арқылы да саулық сыйлайды.

Сондықтан бүгін өзіңе бір қарапайым, бірақ мағыналы іс жаса:
🌸 тоқып көр,
🌿 гүл отырғыз,
📖 ойыңды жаз,
немесе жай ғана бір нәрсені сүйіспеншілікпен істе.

Психикалық денсаулық — тек мамандардың емес, әр адамның күнделікті таңдауы.

🧠 Психикалық денсаулық және еңбек терапиясы 🌱

«Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК

Кдрсихов Елдос Ерсайнұлы